Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 10 тамыз дүниеге келген күні. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2020 жылдың 10 тамызы – Абай күні аталып, жыл сайын елімізде түрлі іс-шаралар өткізіліп келуде. Осы ретте, Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі және аудандық кітапханалар жүйесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Абай – қазақтың ұстазы» атты іс-шара өткізілді. Белсене қатысқан оқырмандардың Абай мұрасына деген сүйіспеншілігі жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





