
23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Бұл – азаматтардың өз таңдауын жасап, қоғамның дамуына ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды науқан.
Белсенді азаматтық ұстаным – дамыған қоғамның басты көрсеткіші. Сайлауға қатысу арқылы сіз елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлесіңізді қосасыз.
Бүгінгі дұрыс таңдау – ертеңгі тұрақты даму мен берекелі қоғамның кепілі. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы маңызды.
23 тамыз күні өз таңдауыңызды жасап, азаматтық жауапкершілігіңізді көрсетіңіз!
Болашағымыз өз қолымызда!





