ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов іс-сапармен Сарыағаш ауданына келді. Сапар барысында мемлекеттік қызметкерлермен және білім саласындағы мұғалімдермен кездесті. Жиын барысында заңнамадағы өзгерістер мен азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары айтылды. Болып өткен басқосу жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





