Жібек жолы ауылдық округінде тазалық жұмыстары күнделікті тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнда сенбіліктер өткізу қалыпты дәстүрге айналған. Ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері елді мекеннің көркеюіне атсалысып, көшелерді, қоғамдық орындар мен аулаларды ретке келтіруге үлес қосуда.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





