ТҰРАН ТЕРБЕГЕН ТОП

«Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі – ұлттық өнердің мәйегін сақтап, рухани құндылықтарды дәріптеп келе жатқан бірегей өнер ұжымы. Қазақтың ұлы композиторы, дарынды дирижер, халық жүрегінен ойып тұрып орын алған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Тұран рухы» атты шығармашылық кеш — соның айқын дәлелі. Алаштың ардақты тарихын күй мен саз арқылы сөйлеткен бұл кеш көрермендерді терең толқытып, жүректерге шоқ тастады. Өнер мен тарих үндесіп, ұлттық рухтың асқақ сарыны аспанға шарықтаған кеш Сарыағаш ауданының мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналды десек қателік болмас.

Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы, Әукен Қадір, Марат Жолдас

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар