10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай белгіленген Абай күні. Абайдың шығармалары – қазақ халқының рухани қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде білім мен ғылымға ұмтылу, еңбек ету, адамгершілік пен ел бірлігі секілді құндылықтар кеңінен көрініс тапқан.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





