Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімдерге жылу беру маусымында бақылауды күшейтуді тапсырды

Фото: Primeminister.kz

Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдердің жылу беру маусымының өту барысын бақылауға алуына назар аударды.  

«Өңір әкімдері жылыту маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отырсын. Жоспарлы параметрлердің бәрі сақталуы керек, сондай-ақ отынның нормативтік қоры мен қосалқы жабдықтардың дайындығын қамтамасыз ету қажет. Халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеңіздер»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев барлық жылу көздерінде отын қорының жасақталғаны, сондай-ақ жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталып жатқаны туралы баяндады. Алматы, Шымкент қалалары мен Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары кестеге және ауа райы жағдайына сәйкес қазан айының соңына дейін жүргізіледі.

Дереккөз: @KZgovernment

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар