Қытайлық әуесқой мультфильм қаралымы бойынша Голливуд фильмдерімен қатарласты

Мультфильм аты – Niu Lai. Кино саласының мамандары «барлық жағынан нашар» деп бағалаған туынды кассалық түсім бойынша «Одиссей» мен «Өрмекші-адам» сынды ірі фильмдермен иін тіресті. 

86 минуттық мультфильм бұзау мен бозторғайдың хикаясын баяндайды. Туындыда арнайы эффектілер, кәсіби дыбыстау немесе жетілген драматургия жоқ. Барлық кейіпкерді Сунь Лифань мен оның ұлы Синь Юймэн дыбыстаған.

Фильм 5 тамызда прокатқа шыққан. Көп ұзамай желі қолданушылары мультфильмді сынай бастады. Оның сапасы өте төмен екенін айтып, кадрлар әп-сәтте мемге айналды. 

Десе де мультфильмнің кассалық түсімі 2 миллион доллардан (921 880 000 теңге) асып, биыл ең табысты тәуелсіз фильмдердің қатарына енді.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар