Қытай шекарасы тағы 3 күнге жабылады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдар, көліктер мен жүктерді өткізу 1, 2 және 3 қазанда уақытша тоқтатылады. Шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған мерекеге байланысты енгізіледі.

Ал теміржол өткізу бекеттері әдеттегі тәртіппен жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен тасымалдаушыларға сапарын алдын ала жоспарлап, шектеу мерзімін ескеруді ұсынды.

Бұған дейін 25 қыркүйекте Қытайдағы Орта күз мерекесіне байланысты Қазақстан–Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерінде де уақытша шектеу енгізілген болатын.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар