Қытай мен АҚШ сегіз бағыт бойынша келісімге келді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

23–25 қыркүйек аралығында АҚШ-та мемлекеттік сапармен болған Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және халықаралық мәселелер бойынша келіссөз жүргізді. Тараптар өзара қарым-қатынасты стратегиялық тұрақтылық, өзара құрмет, әділдік және теңдік қағидаттары негізінде қалыптастыруға уағдаласты.

Келісімдерге сәйкес, Қытай мен АҚШ АТЭС пен G20 саммиттерін өткізуге өзара қолдау көрсетеді. Сондай-ақ Иранның ядролық қару жасамау міндеттемесін орындауы және халықаралық су жолдарынан өту үшін ақы алынбауы жөнінде ортақ ұстаным білдірді. Сауда саласында тарифтерді $30 млрд көлемінде өзара төмендету, сауда-экономикалық консультациялар нәтижелерін іске асыру және жаңа сауда тетіктерін дамыту көзделген. Екі ел есірткіге қарсы күрестегі ынтымақтастықты да жалғастырмақ.

Бұдан бөлек, тараптар ЖИ мәселелері бойынша диалог механизмін құрып, оның келесі отырысын қарашада өткізетін болды. ЖИ-ға қатысты төтенше жағдайлар кезінде жедел байланыс арнасын ашу жоспарланған. Сонымен қатар Қытай мен АҚШ әскери күштері дағдарыстық коммуникацияны күшейту туралы меморандумға қол қоюға және Қытай аумағында хабарсыз кеткен америкалық әскери қызметшілердің сүйегін іздеу жұмыстарын жалғастыруға келісті. АҚШ тарапы Атланта хайуанаттар бағына Қытайдан алып пандалардың келуін де құптады.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар