Қызылордадағы жол апаты: күдіктіні табуға көмектескен адамға сыйақы беріледі

Ашық ақпарат көздерінен

Қызылордадағы заң компаниясы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша күдіктіні табуға көмектескен адамға қаржылай сыйақы тағайындады.

– Компания полиция іздестіріп жатқан азаматтың орналасқан жерін анықтауға көмектескен адамға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы жариялайды. Бұл бастама құқық қорғау органдарына іздестіру жұмыстары барысында қолдау көрсету мақсатында қолға алынып отыр, – делінген хабарламада.

📌Ол үшін ақпараттың шынайы әрі нақты болуы, іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жерін анықтауға тікелей ықпал етуі тиіс. Сыйақы құқық қорғау органдары ақпараттың нәтижелілігін растағаннан кейін жарияланған толық шарттарға сәйкес төленбек.

Қандай да бір ақпаратты білетінадам 102 нөміріне хабарласа алады.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар