Қазақстандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы триумфы

Фото: Қазақстан Дзюдо федерациясы

10 медаль және тарихи командалық алтын: қазақстандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы триумфы.

Фото: Қазақстан Дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті. Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем біріншілігінің аралас командалық жарысында Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.

Жекелей сында спортшыларымыз 3 алтын, 3 күміс және 4 қола — барлығы 10 медаль иеленді.

Ұлдар командалық есепте — 1-орын

Қыздар командалық есепте — 2-орын

Ал Фатима Супығалиева жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы қыз ретінде тарихқа енді.

Министр Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, бұл нәтиже жасөспірімдерден ұлттық құрамаға дейінгі бірыңғай даярлық жүйесінің тиімділігін көрсетеді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар