
17 тамызда елімізде 12 орман өрті болды. Өрттер Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Қарқаралы, Катон-Қарағай, Бурабай ұлттық парктері мен «Ертіс орманы», «Семей орманы» резерваттарында тіркелді.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мамандары, «Қазавиаорманқорғау» күштері мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазір ошақтарды оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Дереккөз: @baq_kz


