Қазақстан әлі де қант импортына тәуелді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы қант нарығына талдау жүргізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша импорттық қанттың үлесі – 70,4%, ал отандық өндіріс ішкі тұтынудың 29,6%-ын ғана қамтамасыз еткен. 

Агенттіктің мәліметінше, 2022–2026 жылдарға арналған Қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың және Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасының бірқатар нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ. Бұл қант қызылшасының егіс алқаптары, жалпы түсім, қант өндіру көлемі және ішкі нарықтың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі бойынша көрсеткіштерге қатысты.  

«2024 жылы қант қызылшасынан рекордтық өнім алынғанына қарамастан, бұл қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермеді. Себебі қолданыстағы өндірістік қуаттардың құрылымы айтарлықтай дәрежеде импорттық қамыс шикі қантына бағдарланған. Бұл шикізат базасы мен қайта өңдеу қуаттарын дамыту арасындағы теңгерімсіздіктің сақталып отырғанын көрсетеді», – деп хабарлады агенттік. 

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар