Қазақстан қыркүйекте мұнай өндіруді тағы 0,6%-ға арттыра алады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

ОПЕК+ ұйымы Қазақстанға 2026 жылғы қыркүйекте мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,628 млн баррельге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл шамамен 223,5 мың тонна мұнайға тең. Көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 0,6%-ға жоғары.

Алайда Қазақстан бұған дейін ОПЕК+ келісімі бойынша жоспардан артық өндірген мұнай көлемін өтеуі тиіс. Сондықтан жаңа квотаны толық пайдалану өндіріс көлемін бірден арттырады дегенді білдірмейді.

Қазақстанның жоспарына Каспий құбыр консорциумының (КТК) жұмысына байланысты тәуекелдер де әсер етуі мүмкін. Құбыр инфрақұрылымындағы іркілістер мұнай тасымалына кедергі келтіріп, компанияларды өндірісті қысқартуға мәжбүр етуі ықтимал. 

Қазақстан мұнай экспортының 80%-ға дейіні КТК жүйесі арқылы өтеді

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар