
Екі ел атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу бойынша келісімге келді:
АЭС құрылысы 2027 жылы басталады;
алғашқы энергоблок алғашқы бетон құйылған соң жеті жыл ішінде іске қосылады;
жобаның жалпы құны шамамен 16,4 миллиард доллар;
станция Балқаш көлінің жағалауындағы Үлкен кентінде салынады. Бұған дейін Атом энергетика агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев алғашқы энергоблокты 2034 жылы іске қосу жоспарланғанын айтқан еді. Оның сөзінше, атом станциясының құрылысы әдетте 10 жылға дейін созылады.
Дереккөз: t.me/stankznews


