Қазақстан мен Пәкістан кеден заңнамасының бұзылуына қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Құрылтай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады.

Құжатқа 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта қол қойылған.

— Аталған келісім ақпаратпен жедел алмасу, қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ тұрақты әрі тиімді шараларды қамтамасыз ете отырып, құзыретті органдардың байланысын үйлестіру мақсатында әзірленді. Келісімді ратификациялау — өзара байланыстың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыруға, және кеден ісі саласындағы ынтымақтастықты дер кезінде қамтамасыз етуге, оның ішінде ақпаратпен жедел алмасуды, және осы саладағы ынтымақтастық жөніндегі шараларды келісуге мүмкіндік береді, — деді заңды таныстырған Қаржы министрі Мәди Такиев.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар