
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті. Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Қазақстан-Германия су хабын құру мәселесі қаралды. Бұл – технологиялар алмасуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және пилоттық жобаларды дамытуға арналған платформа.
Су хабын құру туралы ұсыныс Берлинде өткен дөңгелек үстел барысында таныстырылған болатын. Қазіргі уақытта хаб тұжырымдамасының жобасы әзірленді.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


