
ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна авиациялық отын өндірілді. Осы ретте былтыр 726 мың тонна авиаотын өндірілгенін айта кету керек.
– Қазақстанның азаматтық авиациясының, күштік құрылымдардың, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттіліктері отандық авиациялық отын есебінен толық қамтамасыз етіледі. Жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды, – делінген хабарламада.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


