Қазақ астығына сұраныс артты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақ астығына сырт елдерден сұраныс артты. Биылғы жиын терін басталмай жатып, 1 миллион 157 мың тонна астық тасымалданып үлгерді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға көп.

Астықтың 895 мың тоннасы экспортқа, 262 мың тоннасы ішкі нарыққа шықты. Экспорт көлемі де 46 пайызға өсіп отыр. Астықты негізгі тұтынушылар – Орталық Азия елдері. Қытай да биыл сатып алу көлемін екі есеге көбейткен. Ал Ауғанстанның сұранысы былтырғыдан үш есеге артты. Жалпы биылдыққа сыртқа 8 млн тоннадан астам астық экспорттадық. Оның 3 млн тоннасы Өзбекстанға жөнелтілген.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар