
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жекелей сындағы жаңартылған рейтингісін жария етті.
Әлемдік рейтингіде қазақстандық Елена Рыбакина 9 196 ұпаймен бұрынғыша көш бастаса, Беларусь өкілі Арина Соболенко (7 550 ұпай) екінші, ресейлік Мирра Андреева (6 306) үшінші орында келеді.
Өткен аптада Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына дейін жетіп, ресейлік Диана Шнайдерге жол берген Юлия Путинцева бірден 13 сатыға жоғарылап, 66-орынға жайғасты.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


