Халықаралық математика олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Алматы халықаралық әуежайында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен 67-ші Халықаралық математика олимадасының (IMO-2026) жүлдегерлерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Олимпиада жүлдегерлерін әуежайда ата-аналары, жақындары, достары, ұстаздары және білім саласының өкілдері жылы қарсы алды. Салтанатты рәсім барысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаттарын табыстап, министрдің құттықтау сәлемін жеткізді.

Әлемнің 117 елінен 700-ге жуық үздік жас математик бас қосқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына тағы бір жарқын жеңіс сыйлады.

Тимур Мұрат – Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Әли Еркебұланұлы – Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Батырхан Бейғанов – Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Ерасыл Алтынбек – Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Марғұлан Шарел – Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

Асылбек Әбдіәшімұлы Исахов;

Қанат Қайратұлы Сатылханов.

Халықаралық математика олимпиадасы (IMO) – әлемдегі ең беделді әрі ең күрделі зияткерлік жарыстардың бірі. Биылғы нәтиже қазақстандық жас математиктердің жоғары дайындық деңгейі мен халықаралық білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар