
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының бокстан финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.
Ерлер арасында 70 келі салмақта қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шығып, иорданиялық Зейад Ишаишпен алтын жүлдені сарапқа салды.
Үш раунд қорытындысы бойынша, отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


