
Түркияның Маниса провинциясындағы Тұргутлұ ауданында кәсіптік-техникалық мектептің жанында атыс болды. Салдарынан 11 адам жарақат алып, олардың екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Оқиға 22 қыркүйек күні таңертең болған. Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, күдікті осы мектептің оқушысы. Ол шабуылдан кейін көп ұзамай ұсталды.
Атыс кезінде күдіктінің әжесінің үйінен алынған мылтық қолданылған. Тергеу аясында жасөспірімнің ата-анасы мен атасы да қамауға алынды.
Дереккөз: @baq_kz


