Тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қаржы мониторингі агенттігі Өзбекстан азаматы, 2000 жылғы 19 ақпанда туған, «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал блогер Махмуд УмидовичХикматовқа халықаралық іздеу жариялады. Сот оны қамауда ұстауға санкция берді. Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді.

Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер М.Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген.

Ол барлығы 35-тен астам блогерді, оның ішінде блогер Қайсар Қамзаны тартқан.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар