
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылар жаппай уланып, мектеп қызметі уақытша тоқтатылды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазанның 12-13 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында.
Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды.
Басқарма мәліметінше, жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.
Дереккөз: inbusiness.kz


