
Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты.
Бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталды. Контрабанданың жолы ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден кесілді, — делінген хабарламада.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


