Сирия 14 жылдан кейін халықаралық банк жүйесіне қайта қосылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Сирия 14 жылда алғаш рет америкалық банк арқылы аккредитив ашты. Бұл оған Сауд Арабиясынан жанармай сатып алуға мүмкіндік береді. Оған АҚШ-тың Джи пи Морган банкі көмектескен. Банк аккредитивтің расталуына және оның орындалуына кепілдік берді. Келісім аясында Сирияға алғашқы 65 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Алдағы уақытта бензин мен жеңіл мұнай импорттау жоспарланып отыр. Бұл – бірнеше жыл халықаралық оқшаулауда болған Сирияның әлемдік қаржы жүйесімен байланысын қалпына келтірудегі маңызды қадам.

Елдің жаңа билігі экономикалық және қаржылық қатынастарды жандандыруға басымдық беріп келеді. АҚШ өткен жылы Сирияға салынған кең ауқымды санкцияларды алып тастады. Ал тамыз айында елді терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен шығарды. Халықаралық төлем арналарының ашылуы Сирияға жанармай импортын тұрақтандыруға және сауда операцияларын жеңілдетуге көмектесуі мүмкін.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар