Елордада алғаш рет Президенттің қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы ұйымдамтырылды. Жиынға 7,5 миллион ауыл тұрғынымен тікелей жұмыс істейтін 2334 ауыл әкімі қатысты. Сарыағаш ауданынан 11 округ әкімі форумға қатысып, мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту бойынша ұсыныс-тапсырмаларын тыңдады.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас





