Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіндегі мәдениет үйінде №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектеріне аттестат табыстау салтанатты шарасына арнайы қатысты. Жас түлектерге арналған мерекелік шара барысында аудан әкімі жастарға жылы лебізін білдіріп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Арман Абдуллаев озат бітірушілерге аттестаттар мен «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас