Бүгін елімізде республикалық референдум болып өтті. Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасты. Тәуелсіздік алғалы 4-рет өткен референдум, бұл жолы саяси өзгерістерге алып келмесе де, елдің ертеңі үшін маңызды рөл ойнайтыны сөзсіз. Аудан басшысы Арман Абдуллаевпен қоса Сарыағаш жұртшылығы да референдумға жауапкершілікпен қарап, өз дауыстарын беруге асықты.

Таңғы сағат 7:00 ден бастап дауыс беруге құқылы 12 млн 250 мыңға жуық отандасымыз өз таңдауын жасады. Республикалық референдумға 30 шет мемлекеттен 75 және 4 халықаралық ұйымнан 102 байқаушы ресми түрде қатысты. Сарыағаш қаласындағы 640 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып аудан басшысы Арман Айдарұлы өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас