Ресейдің Иркутск облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай белгілі болды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Обаға қарсы күрес институты қызметкері қайтыс болғаннан кейін Роспотребнадзор Иркутск облысындағы және Иркутск және Шелехов қалаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тексерді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Роспотребнадзор Сібір және Қиыр Шығыстың Иркутск обаға қарсы күрес институтының қызметкеріне шығу төркіні белгісіз пневмония диагнозы қойылғаннан кейін арнайы шаралар кешенін қабылдады. Ауқымды тексеру нәтижесінде науқастан алынған материалдан оның кәсіби қызметіне байланысты микроорганизмдер анықталмаған.

— Сібір және Қиыр Шығыстың Иркутск обаға қарсы күрес институтында биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау комиссиясының нәтижелері бойынша патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеуге байланысты ешқандай төтенше жағдайлар анықталған жоқ. Роспотребнадзор басшысының нұсқауы бойынша институтқа жіберілген сараптамалық комиссия нәтижелерді растады, — делінген мәлімдемеде.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар