Қырғыз Республикасында 31 тамыз мен 6 қыркүйек аралығында көшпенділер ойындары өткені белгілі. Ауқымды додада 42 спорт түрінен 152 қазақстандық спортшы ел намысын қорғады. Солардың қатарында аударыспақтан сынға түскен Келес ауданының мақтанышы Расул Құрайыш күміс жүлдеге қол жеткізді. Спортшының жеңісіне ортақтасқан ағайын туыстары мен ел ағалары бас қосып, ақ дастархан жайды.
Авторлар: Замира Құралбайқызы, Нұрболат Еркін





