
Пәкістан билігі Қазақстанға жүктерді халықаралық нарыққа шығару үшін Карачи, Порт-Касим және Гвадар теңіз порттарын пайдалануды ұсынды. Бұл туралы елдің теңіз істері жөніндегі федералдық министрі Мұхаммад Джунайд Анвар Чаудри мәлімдеді.
Әзірге Пәкістан тарапы қандай көлік бағыттары пайдаланылатынын, жүк тасымалының көлемі мен жаңа логистикалық шешімдердің қашан іске қосылатынын нақтылаған жоқ. Қазір екі ел жүктерді Өзбекстан–Түрікменстан–Ауғанстан бағытымен, Иран арқылы, сондай-ақ Қырғызстан мен Қытай арқылы жеткізу бағыттарын дамытып жатыр.
2025 жылы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 105,6 млн АҚШ долларын құрады. Екі ел алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Дереккөз: ️ t.me/atamekenbusiness_silkway


