
Ол көліктегі екі адамға қоқан-лоқы көрсетіп, мүлкін бүлдірді деген күдікке ілінген. Күдікті үш айға жуық іздеуде болған.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандыққа бірнеше құқық бұзушылық бойынша айып тағылып, дипломаттар оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. 16 қазанда ұсталған азамат 18 қазанда сот шешімімен қамауға алынған.
Дереккөз: @baq_kz


