Оңтүстік Африкада 17 адам атыстан қаза тапты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оңтүстік Африка Республикасында бір күнде екі рет оқ атылды. Екі оқиға екі қалада болған. 17 адам мерт болып, бірқатары жараланды. Полиция екі оқиғаның байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ал қаскөйлер із суытып үлгерген.

Әзірге олардың аты-жөні мен бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Жалпы Оңтүстік Африка Республикасы қылмыс саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттердің бірі. Бұл елде күн сайын 60 адам кісі қолынан қаза болады.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар