
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторына қатысты 15 тармақтан тұратын жоспарын қабылдамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Израиль әскері ХАМАС толық қарусыздандырылмайынша, Газа секторынан шығарылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Израиль 15 тармақтан тұратын бұл құжатты қабылдамайды. ХАМАС толық қарусыздандырылмайынша, Израиль қарулы күштері Газа секторынан әскерін шығармайды. Сонымен қатар Израиль әскері өз сарбаздары мен азаматтарына төнетін қауіптің алдын алуды жалғастырады, – деді Нетаньяху жексенбі күні министрлер кабинетінің отырысында.
Нетаньяху Израиль әскерін Газа секторынан шығару үшін алдымен ХАМАС қаруын тастауы тиіс екенін тағы да атап өтті. Ол қазіргі уақытта АҚШ өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді.
Олардың өз ұсыныстары бар. Оның кейбіреуі бізге қолайлы, ал кейбірін қабылдай алмаймыз. Мұндай мәселелерде өз ұстанымымызды қалай қорғау керектігін білеміз, – деді Израиль премьер-министрі.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


