
АҚШ пен Иран арасындағы өзара шабуылдардың қайта басталуынан кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт қымбаттады. Brent бағасы 2%-дан астам өсіп, барреліне 90,35 долларға жетті. WTI шамамен 2%-ға қымбаттап, 85,64 доллар болды.
Сарапшылардың айтуынша, қақтығыстың одан әрі ушығуы мұнай нарығына қысымды күшейтуі ықтимал. Жаңа шабуылдар болуы мүмкін деген қауіпке байланысты Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қозғалысы айтарлықтай шектелген.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


