Мемлекеттік институттардың тұрақтылығы – ел дамуының кепілі

Мемлекеттің тұрақты дамуы тиімді басқару жүйесіне, мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа және заң үстемдігіне негізделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы осы бағыттағы негізгі қағидаттарды айқындап, мемлекеттік институттардың қызметі мен жауапкершілігінің құқықтық негізін қалыптастырады.


Конституцияда президенттік басқару нысаны, Президенттің бір рет жеті жылдық мерзімге сайлануы, Құрылтайдың жаңа моделі және Конституциялық Соттың қызметі қарастырылған. Бұл институттардың әрқайсысы өзіне белгіленген өкілеттіктер шегінде жұмыс істеп, мемлекеттік басқару жүйесінің орнықты қызмет етуіне үлес қосады.


Мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің нақты айқындалуы шешім қабылдау үдерісінің түсініктілігін арттырады. Ал Конституциялық Сот Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің маңызды бөлігі саналады.
Өңірлік деңгейде де мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру, жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.


Күшті мемлекет – заң үстемдігі сақталған, мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақты белгіленген және әрбір институт өз қызметі үшін жауап беретін мемлекет.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар