Лингвистикадан тарихи нәтиже: Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында!

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Румынияның Бухарест қаласында өткен Халықаралық лингвистика олимпиадасында (IOL) еліміздің мектеп оқушылары бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді!

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алғаш рет ұлттық құраманың барлық 4 мүшесі де елге жүлдемен оралды:

Қола медаль:Шыңғыс Карасаев — Орал қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Құрмет грамоталары:Рамазан Бутантаев — Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының Мамандандырылған IT-лицейінің 11-сынып оқушысы; Аслан Ажібаев — Павлодар қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы; Кирилл Тургумбаев — Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Лингвистика олимпиадасы — тек тіл білімін емес, терең логика мен талдауды талап ететін ең күрделі зияткерлік жарыстардың бірі.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар