
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттікКүшті мемлекет – жауапты әрі тұрақты институттардың негізінде құрылады басқару жүйесінің негіздерін айқындап, мемлекеттік институттардың өкілеттіктері мен жауапкершілігін белгілейді. Тұрақты әрі тиімді мемлекеттік жүйе қалыптастыруда әрбір органның өз құзыреті шегінде қызмет атқаруы және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алуы маңызды.
Конституциялық құрылым президенттік басқару нысанын, Президенттің бір рет жеті жылдық мерзімге сайлануын, Құрылтайдың жаңа моделін және Конституциялық Соттың қызметін қамтиды. Бұл институттардың өзара іс-қимылы мемлекеттік басқарудың үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктердің нақты бөлінуі, кадрлық шешімдер қабылдаудағы белгіленген рәсімдер және конституциялық бақылау тетіктері мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Осы ретте Конституциялық Соттың Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі орны ерекше.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі тек құрылымдық өзгерістермен өлшенбейді. Ол мемлекеттік органдардың ашықтығына, заң талаптарын сақтауына және азаматтар алдындағы жауапкершілігіне де тікелей байланысты.
Тұрақты мемлекеттік институттар, нақты өкілеттіктер және айқын жауапкершілік – құқықтық мемлекет дамуының маңызды негіздері.


