Колумбияда шахта опырылып, кемінде тоғыз адам қаза тапты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Колумбияның оңтүстік-батысындағы заңсыз шахтада тау жыныстары опырылып, кемінде тоғыз адам қаза тапты.

🗣Бұл туралы алғаш болып Нариньо департаментінің бейбітшілік және адам құқықтары мәселелері жөніндегі хатшысы Алекс Гонсалес хабарлады.

– Тау жыныстарының опырылуы салдарынан бірнеше адам үйінді астында қалғаны хабарланды. Олар шахтада жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тоғыз адамның қаза тапқаны туралы мәлімет бар, – деді ол Caracol телеарнасының эфирінде.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда аумаққа жетудің қиындығы мен қауіпсіздікке қатысты мәселелер құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіріп отыр.

Caracol телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 12-15 адамға жетуі мүмкін.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар