
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті өршіген тұста Кенияда сегізінші адам вирус жұқтырғаны расталды. Бұл туралы жексенбі күні денсаулық сақтау бас директоры Патрик Амот хабарлады.
— Бүгін 38 адам тексерілді, олардың бірінде Эбола вирусы анықталды, — деді Амот Кенияның Citizen TV арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, науқас 49 жаста және медицина қызметкері емес. Оның дене қызуы көтеріліп, басы, бұлшықеттері ауырған.
Амоттың айтуынша, науқастың өзі пациенттерді күтуші болып жұмыс істеген, ыдыс-аяқ пен төсек жаймаларын жуған.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


