Сарыағаш аудан әкімдігінде ауыл әкімдерінің БАҚ өкілдерімен брифингі жалғасын табуда. Бүгінгі кездесуде Қызылжар ауылдық округінің әкімі Әбдіжаппар Рахымбердиев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жағдайына тоқталып, бірқатар нақты көрсеткіштер мен алдағы жоспарларды баяндады. Брифингті тұрғындар, әдеттегідей, фейсбук желісіндегі тікелей эфир арқылы көріп, сұрақтарын жолдады.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс