Заң бұзғандарды видеоға түсіргендерге сыйақы беріледі

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ол үшін ең жоғары төлем – 43 250 теңге. Осыған дейін мұндай тәртіп Астанада енгізілген еді. Енді Түркістан облысының әкімдігі де осы ережені бекітті.

Тиісті қаулыға 3 тамызда қол қойылып, 4 тамызда Әділет министрлігінде тіркелген. Құжат алғаш ресми жариялан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Алайда әрбір жіберілген видео үшін ақша төлене бермейді. Алдымен құқықбұзушылық дерегі расталуы керек. Оған қоса бұл жағдайдың автоматты камералар, полицейлер, лауазымды тұлғалар немесе басқа азаматтар тарапынан бұған дейін тіркелмегені тексеріледі. Одан кейін әкімшілік іс бойынша шығарылған қаулы заңды күшіне еніп, тәртіп бұзған адам айыппұлды толық төлеуі қажет. Осы талаптар орындалған соң ғана құжаттар арнайы комиссияның қарауына жіберіледі.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар