Жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі кезекті электрондық аукцион өткізіледі. Аукцион 25 желтоқсанда e-Qazyna электрондық алаңында өтеді. Өтінімдер 18 қарашаға дейін қабылданады.

Алдағы желтоқсан аукционына 112 учаскенің 56-сы шығарылады. Олар Қазақстанның Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай және Қызылорда облыстарында орналасқан.

Учаскелер бойынша барлау және өндіру құқығын, сондай-ақ тікелей көмірсутектерді өндіру құқығын беру көзделген. Тізімге Бегімбет 1, Батыс Ұлытау, Шолақсай, Басқұмақ, Қарасу, Жасқайрат, Үстірт учаскелері, Қосарал, Майлыкөл, Қарақамыс, Қаракөл және басқа да учаскелер кіреді.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар