Сарыағашта жастардың шығармашылығы мен тапқырлығы тоғысқан жайдарман ойындарының аудан әкімінің кубогі үшін финалы өтті. «Қоғам. Жастар. Болашақ» тақырыбында ұйымдастырылған көңілді жастар алаңында 4 команда сынға түсті. Жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған ойында танымал жайдарманшылар ізбасарларына қолдау көрсетті.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрболат Еркін





