
Қазақстан тарихының жеті томдық жаңа академиялық басылымына дәлелденбеген және ғылыми негізі жоқ даулы тұжырымдар енгізілмейді. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, тарихшы Еркін Әбіл айтты.
Тарихшының сөзінше, жеті томдықты әзірлеп жатқан авторлық ұжым жұмысты аяқтауға жақын. Басылымды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Дереккөз: @baq_kz


