
Ол 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін «Өндірістік-коммерциялық басқару» және «Өндірістік экономика» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2009 жылы «ҚазҚұрылысСервис» компаниясынан бастап, түрлі лауазымда қызмет атқарған. 2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеді.
2012–2017 жылдары «Орал» ӘЭК басқарма төрағасының орынбасары және «Atyrau Innovations» компаниясында директор болды. 2017 жылдан бастап «Атырау» ӘЭК» АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2022 жылдан осы кезге дейін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
Еске салайық, бұған дейінгі әкім екі орынбасары ұсталған соң, өз еркімен қызметінен кеткен болатын.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


