
Иранға қарсы соғыс жалғасады. Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды. Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады.
Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.
«Мен билікке келгелі АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды»,- деп жазды ол.
Сосын бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған. Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында «Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады» деп те атап өткен.
Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын айтқан.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/768559-d-tramp-iranga-karsy-sogys-zalgasady


